«Мен үшін «Орталық Азияда елдеріндегі орыс ауызша және жазбаша тілі мерекесі» аясында Қазақстанда 9-шы орыс тілінің күзгі мектебі өту қуанарлық жайт. Бұл Астанада Ресей ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырып отырған 8-ші іс-шара. Бұған қоса, бүгін РФ Президенті Владимир Путиннің 9-шы өңіраралық форум өткізілуіне байланысты екінші сапары өтеді», - деді РФ-ның Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Борис Калинич.
Оны атап өтуінше, орыс тілінің күзгі мектебі жыл сайын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстан филиалының қатысуымен өткізіледі. Осы ретте ол Л.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы Шолпан Жарқынбековаға іс-шараны өткізуге білдірген қолдауы үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Орталық Азияда елдеріндегі орыс ауызша және жазбаша тілі мерекесі» мен 9-шы орыс тілінің күзгі мектебі қыркүйектің 18-22-сі аралығында өтеді. Іс-шара аясында орыс тілі мен әдебиеті педагогтеріне арналған дәрістер оқылып, семинарлар өткізіледі.