Елордада Отбасылар форумы өтіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Отбасылар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанқаласының әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен,ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныңқолдауымен өтіп жатқан шара кешке дейін жалғаспақ. Қатысушылар күні бойыбірнеше сессияға бөлініп, отбасы мәселесіне қатысты түрлі тақырыптар бойыншапікір алмасады. Форум арқылы ұйымдастырушылар тұрғын үй жағдайын жақсарту,бизнес құру, отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайға тап болғанкезде одан шығу мәселелері бойынша мемлекет ұсынатын мүмкіндіктер туралы толыққандыақпарат беруді көздеп отыр.


«Мен өзім Абайкөшесінде тұрамын. Маңайымызда көпбалалы отбасылар өте көп. Солардың көбіотбасын қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар туралы біле бермейді.Халықтың басым бөлігі енді ғана бұл мәселеге назар аударып, өз құқықтарын талапете бастады. Бүгінгі форум арқылы да астаналық жанұялар талай маңызды ақпаратқақанығады деп ойлаймын. Мен ҚР Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобына мүшемін.Биыл осы жұмыс тобының ұсынысы бойынша көпбалалы отбасылардың балаларынақосымша 5 мың грант бөлінді. Баспана кезегінде көпбалалы отбасылар жеке санатболып енді. Жалпыға міндетті оқу қорының есебінен тегін ыстық тамақпен, мектепформасымен, жазғы лагерьмен қамту ісі жолға қойылып жатыр. Соның бәрі осындайбасқосуларда айтылған ұсыныстардан бастау алып жатады. Бұл форумға сол үшінкелдік», - дейді көпбалалы ана Жанбота Өміртай.

Соңғы жаңалықтар