Бұл туралы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
30 тамыз күні сағат таңертеңгі 8-ден іс-шара аяқталғанға дейін көшелердің мына бөліктері бойынша қозғалыс толықтай тоқтатылады: Абылайхан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін Момышұлы даңғылы бойынша; Абылайхан даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін Айнакөл көшесі бойынша; М-1 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін көлік қозғалысын Орынбор көшесіне бұру арқылы Р. Қошқарбаев көшесі бойынша; М-3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін көлік қозғалысын Орынбор көшесіне бұру арқылы Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша; Тәшенов көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша.
Парадты тамашалау үшін көрермендер Б.Момышұлы даңғылы жағынан Тәуелсіздік көшесі бойынша және Б.Момышұлы даңғылы жағынан Р.Қошқарбаев көшесі бойынша кіргізіледі.
Осыған байланысты Астана жол полициясы басқармасы елорданың тұрғындары мен қонақтарын өздеріне тиімді бағытын алдын ала таңдап, қоғамдық көліктерге кедергі келтірмес үшін жеке көлікпен келмеулерін өтінеді.