«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», - делінген федерацияның хабарламасында.
Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс еді.