Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық ағаш отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі. Атап айтқанда, Алматы ауданында - 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында - 1 170 түп, Есіл ауданында - 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш егіледі.18:37, 11 Қазан 2019
Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экологиялық айлық аясында 12 қазанда Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.