АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтуі жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.
Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, Халықаралық Оолимпиада Комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 22 маусымда өткен кезектен тыс сессияда Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты. Мұндай шешім қабылдауға 69 сайлаушы дауыс берген. Оның біреуі ғана бұл шешімге қарсы болып, тағы 10 сайлаушы қалыс қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.