Елордада өзге ұлт балалары мен жастар арасында «Мемлекеттік тіл - мәртебеміз!» атты республикалық байқау өтеді

None
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өзге ұлт балалары мен жастар арасында «Мемлекеттік тіл - мәртебеміз!» атты республикалық байқауы өтеді,

деп хабарлады Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының баспасөз қызметінен.                                                                                   

«Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық прогресс үшін» жас мамандар кеңесі»  қоғамдық қоры Қазақстан-Ресей университеті базасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл - мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізеді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысады», - делінген хабарламада.