Жедел алдын алу шараларын жүргізу барысында Алматы аудандық ІІБ қызметкерлері өзгенің пәтерін жалған құжаттар арқылы жалға бермек болған, бұрын сотталған 35 жастағы қызылордалықты ұстады.
Қолға түскен азаматтан жалған жеке куәлік, түбіртектер, сонымен қатар жалған құжаттар дайындауға арналған компьютер, сканер тәркіленді. Полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында алаяқтың осы сипаттағы 10 қылмысқа қатысы бар екендігі анқыталды. Ол пәтерді 1 тәулікке жалға алып, келесі адамға жалға беріп отырған.
Қазіргі уақытта қолға түскен азамат Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулау орнына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ішкі істер департаменті қала тұрғындар мен қонақтарынан осындай қылмыстар туралы немесе ұсталған азамат жайында ақпарат білетін болса, 102, 71-67-10, 71-67-11 телефондарына хабарласуын өтінеді.