Елордада парникті газдардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін қаржыландыру тетіктері бойынша алғашқы тренинг басталды

Фото: None
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстан - жел энергиясы нарығының даму бастамасы» жобасы шеңберінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар үшін парникті газдардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін қаржыландыру тетіктері бойынша еліміздегі алғашқы тренинг басталды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жобаның менеджері Айнұр Соспанованың айтуынша, аталған шара Киото хаттамасы негізінде қаржыландыру арқылы жел энергиясы саласындағы жобалардың дамуына бағытталған.

 Жиын барысында, қатысушыларға су, жел және геотермикалық энергия саласындағы дайын жобалар таныстырылып, Қазақстан аумағында нақты энергетикалық кешендерді жаңарту бойынша жобалар қарастырылады.

Айта кетейік, қазіргі күні жаңартылатын энергия көздері еліміздегі жалпы электр энергиясын өндіру көлемінде шамамен 0,1 пайызды құрайды. 2024 жылға таман бұл көрсеткішті жалпы республика бойынша өндірілетін электр энергиясының кем дегенде 5 пайызына дейін жеткізу көзделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы қуаты 1500 МВт 7 көмір ЖЭС-і мен қуаты 250МВт бір газ ЖЭС-і арқылы электр энергиясы өндіріледі.  Бұл стансылардың бір жылда өндіретін электр энергиясы 13 125 ГВт-ны құрайды. Сонымен қатар, көрші елдерден 100 ГВт электр энергиясы импортталып отыр. Осыған орай елімізде әрқайсысының қуаты 2 МВт-ы болатын 125 жел генераторын орнату жоспарланып отыр.    

Соңғы жаңалықтар