ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан айналаға қою түтін тарап, өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның 15-і бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала бар.
Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 30 метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19-29-да сөндірілді