«19 ақпанда сағат 08:15-те ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық жолдың 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласынан Ерейментау қаласы мен Шідерті кентіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек бұған дейін «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылған еді.