Көрмеде 20 ғасырдың басындағы заттардың тұпнұсқасы, өткен ғасырда пайдаланған фотоаппараттар, сондай-ақ сол кезеңнен сыр шертетін фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылып отыр. Суреттердің басты кейіпкері - қарапайым халық және олардың тұрмыс тіршілігі.
«Д. Багаевтың біздің өңірдегі ауылдарды және қала өмірін түсірген суреттері, Ұлы Отан соғысы кезінде қарапайым халық өмірінің тарихи сәттері естелік болып, бүгінге дейін жетті. Осы орайда Павлодар тарихын зерттеп, жас ұрпаққа таныстыруға мүмкіндік бар. Көрмедегі суреттердің ең көнесі 1905 жылға жатады», - деді Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлнәр Нұрахметова.
Айта кетейік, Д. Багаев (1884-1958ж) - фотосуретші, өлкетанушы, Павлодар өлкесінің шежірешісі.
«Павлодар туралы фотожылнама» көрмесі 20 қазанға дейін жалғасатын болады.