Елордада «Пиротехника» операциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың қаңтарына дейін елорда аумағында «Пиротехника-2019» жедел алдын ал шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты азаматтық қорғаныс органдарымен бірлескен шараның мақсаты - сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді сатылынан алу, заңсыз сату және сақтау ережелерін бұзу фактілерін анықтау.

«Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті контейнерлерден тыс приотехникалық бұйымдарды және оларды тиісті лизенциясы мен ашық дүңгіршектерде, көліктерді, шатырларда, қолдан және өтпелерде сатуға рұқсаты жоқ адамдардың саудалауына түбегейлі тыйым салынатындығын ескертеді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда аталған тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 196 бабы бойынша жауапқа тартылады», - делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, аталған бапты бұзған тұлғаларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.