Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Бұл шара себебі - жолдың беткі қабатының ауыстыруға байланысты орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталысымен аталған көшеде қозғалыс қайта қалпына келтіріледі. Басқарма қызметкерлері көлік жүргізушілерінен аталмыш учаскедегі өз бағдарларын алдын-ала жоспарлап алуларын сұрайды.
15:35, 11 Тамыз 2014
Елордада Потанин көшесі бірнеше күнге жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап 14 тамызға дейін Потанин көшесінде Затаевич көшесінен Молдағұлова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылды.