Елордада «Президент Н.Назарбаевтың бірінші жауынгерлері» атты республикалық патриоттар форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Президент Н.Назарбаевтың бірінші жауынгерлері» атты республикалық патриоттар форумы өтті.

«Қазіргі уақытта жастарға потриоттық бағытта тәлім-тәрбие беретін азаматтар қажет. Бұл іске ауған-тәжік шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан азаматтардың қосар үлесі мол деп ойлаймын. Ел болғаннан кейін патриоттық тәрбие қажет. Жалпы, ағымдағы жылғы өткізіліп жатқан патриоттық шаралардың бірі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын тойлау екендігі сөзсіз. Қазақтың алғашқы 14 ханының 7-еуі елін, жерін қорғау жолында, қан майданда мерт болған еді», - деді форумды ашқан ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев.

Сонымен қатар ол Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы екендігін баса айтып, бүгінгі өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық бағытта тәрбие беру ерекше мәнге ие екендігін атап өтті.

Шара барысында «Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдар мен әскери қақтығыстарға қатысушылардың ардагерлер одағы» респубилкалық қоғамдық бірлестігінің «Ардагерлер қозғалысын насихаттауға қосқан үлесі үшін» медалімен тыл ардагері Тоқсанбай Жарекеев, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысушы, ҚР Ұлттық гвардиясы Бас басқармасының бастығы Савердин Имиров марапатталды.