Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 19 мамыры сағат 13:00-ден 20 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі Пушкин көшесі автокөлік қозғалысы үшін жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген басқарма хабарламасында.