— Бұл көрмеге 30 елден 230 қатысушы қатысып, өнімдерін ұсынып отыр. Бұл экологиялық мәселелерге деген әлем мемлекеттерінің қызығушылығы мен алаңдаушылығын көрсетеді, — деді ол.
Сонымен қатар, министр еліміз бұл салаға баса мән беретінін атап өтті.
— Қазақстан үшін экологиялық трансформация — стратегиялық бағыт. Заманауи технологияларды енгізу, инвестиция тарту, халықаралық серіктестікті кеңейту бойынша барлық жағдайды жасап келеміз. Бүгінгі көрмеде ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтар мен шығарындыларды азайту, экономикадағы тұрақтылықты арттыру бойынша шешімдер таныстырылып жатыр, — деді ол.
Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай, тараптар экология және климаттың өзгеруі, жасыл технологияларды енгізу, табиғи ресурстарды тиімлі пайдалану бағыттарында бірлесіп жұмыс істемек.
Жалпы, құны 2,3 млрд АҚШ долларынан асатын 17 халықаралық келісім, меморандум және инвестициялық құжатқа қол қойылды.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Орталық Азиядағы қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін көтергенін жазғанбыз.