АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қараша күні елордадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Республикалық футбол форумы өтеді. Бұл туралы ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Форумға Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері, аймақтық федерациялардың жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық футболдың ардагерлері, футбол жанашырлары мен жанкүйерлері шақырылған.
Шара барысында қазақ футболының даму жолындағы өзекті мәселелер талқыланып, Қазақстандағы нөмірі бірінші спорттың әрі қарай даму бағыттары қаралады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.