Елордада Рим Папасы өткізетін месса рәсіміне қызу дайындық жүріп жатыр
23:14, 13 Қыркүйек 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қыркүйек күні кешке елордада елдегі барлық католиктерге арналған ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ертең осында Рим Папасы Франциск месса рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын жатқан көшелерде көлік қозғалысы шектелмейді.
Бірақ сол маңда 3-5 минут көлемінде ғана шектеу қойылады.