НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қыркүйек күні кешке елордада елдегі барлық католиктерге арналған ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ертең осында Рим Папасы Франциск месса рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАқпарат» редакциясы оқырманға іс-шара өтетін жерден репортаж ұсынады. Қазірдің өзінде аумақ толығымен қоршалып, месса рәсімін өткізуге дайындалып қойған.
Католиктерге арналған қасиетті рәсім үшін арнайы сахна ұйымдастырылды. Оның алдына целлофанмен жабылған ыңғайлы орындықтар қойылған.
Сахнаның өзінде оркестр репетиция жасап жатыр, құрамының көпшілігі көрші Новосібірден келген.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын жатқан көшелерде көлік қозғалысы шектелмейді.
Бірақ сол маңда 3-5 минут көлемінде ғана шектеу қойылады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.