Елордада сабақтың болмауы оқушылардың демалысына әсер етпейді - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір апта сабақтың болмауы демалыс күндеріне әсер етпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Білім басқармасының мәліметінше, демалыс көрсетілген мерзімде өтеді. Одан басқа, мектептегі оқу бағдарламасынан қалып кеткен тұстарға қатысты бірқатар шара жасалынған. 

«Аталған іс-шарада білім стандартын толық көлемде орындау үшін қосымша сағаттар пайдаланылады, білімді жинақтастырып, қайталау үшін, оқушылардың жеке консультация алуы (әсіресе 9-11 сыныптың түлектері үшін) ұйымдастырылған және оқу материалы модульдік, блок түрінде де берілу қарастырылған», - делінген хабарламада.   

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қала мектептерінде сабақтар кейінге қалдырылған болатын. Оқу бағдарламасын толық көлемде орындау Астана білім басқармасының бақылауында тұр.
Еске сала кетсек, өткен аптада елордада қатты аяз болып, соның салдарынан білім мекемелерінде сабақ өткізілмеді