Елордада «Сәкен тағылымы - 8» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті

None
АСТАНА.  5 сәуір. ҚазАқпарат - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 55 жылдығына арналған «Сәкен тағылымы - 8» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті,

деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.

Конференция жұмысын университет ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор А.Күрішбаев  ашты. Содан кейін «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті Серік Кененбаев,Л.Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевжәне   докторанттар, магистрлер, студенттер мен оқушылар баяндама жасады. Конференция жұмысы барысында 1000-нан астам баяндама тыңдалды.

Конференция жұмысы сәулет өнері және дизайн, ветеринария, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар, мал шаруашылығы, егін және өсімдік шаруашылығы, жерге орналастыру, ақпараттық технологиялар, техникалық ғылымда, энергетика және байланыс, экономика, экология және табиғат қорғау сынды секцияларда өтті. Әрбір секция өз жұмысын университеттің даму тарихын және 55 жылдағы ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің жеткен жетістіктерін талқылаудан бастады.

Сонымен қатар, конференция қатысушылары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды зерттеу университетіне айналдыруды көздеген,  білім берумен қатар университет дамуының басым бағыты болып саналатын университеттің  ғылыми-зерттеу қызметі туралы ой бөлісті.