Елордада салынып жатқан шағын айналма жол көлік кептелісін азайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл сайын көліктер саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың шілде айындағы жағдай бойынша қалада 272 мың көлік тіркелген. Қала көшелерінде жүктеме мен кептелістер артқаны байқалады.

Астанада осы мәселені шешу үшін шағын айналма жол салынып жатыр. Оның құрамына 4 көлік жолайрық, 2 көпір мен 3 жол өтпесі кереді. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, шағын айналма жол №14 (Қошкарбаев), Ақжол, Бейсекова, Сарайшық және Сығанақ көшелері арқылы өтеді. Оны жалпы ұзындығы - 35 шақырым. Қазіргі кезде жолдың 22 шақырым бөлігінде көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Есіл өзені арқылы Бейсеков көшесіндегі көпірдегі жол ашылды, бұл Тұран және Сарыарқа даңғылдары бойынша көлік жүктемесін 40% азайтуға мүмкіндік берді. Биыл №14 көшеде, Абылай хан даңғылында, Бейсеков көшесі мен Тілендиев даңғылында қозғалыс қалпына келтірілді. Жалпы алғанда, шағын айналма жолы аталған магистральдардан басқа, Бөгенбай батыр, Абылай хан, Құдайбердіұлы, Жеңіс, Момышұлы даңғылдары мен Қорғалжын тас жолында көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.