Елордада салынып жатқан үйдің жетінші қабатынан құрылысшы құлап кетті

Фото: None
АСТАНА.  Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Елордадағы құрылыс нысандарының бірінде қайғылы оқиға орын алды -  жетінші  қабаттан құлап  кеткен құрылысшы   оқиға орнында   қаза тапты,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігіне  сілтеме  жасап.

Кеше,  шілденің 2-сі күні сағат  17.55-те  «Магистральный»   тұрғын үй кешенінде      құрылыс жұмыстары кезінде  жетінші  қабаттап  құлап кеткен  «Стройкласс»  ЖШС-ның  жұмысшысы оқиға орнында   көз жұмды.