Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі мен қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, Қ.Сәтбаев көшесі бойымен Б.Момышұлынан Қ.Мұңайтпасовқа дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Сарыарқа даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
«20 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты жол төсемін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған», – делінген хабарламада.
Кептеліс болмау үшін жүргізушілер баратын бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.