Бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрған келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
1) Екінші дүниежүзілік соғыс (ЕДС) ардагерлері;
1-1) жеңілдіктері бойынша ЕДС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
5) жасы бойынша зейнеткерлер;
6) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
7) қандастар;
8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9) көпбалалы отбасылар;
10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар.
Пәтерлердің жалпы саны:
- «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін – 86 пәтер (тек 2 бөлмелі пәтер);
- басқа санаттағы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін – 24 пәтер:
2 бөлмелі – 3 пәтер;
3 бөлмелі – 21 пәтер.
Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.
Нысандардың орналасқан жері (Астана қаласы):
- «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін:
1. Н.Тілендиев даңғылы, 44а, 44, 44/2 үй;
2. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, д. 6,
3. Е-767 көшесі, 11 үй,
4. Е-509 көшесі, 7 үй.
- «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін:
1. Тілендиев даңғылы, 44, 44/2 үй.
Құжаттар 2023 жылғы 17 шілдеден бастап сағат 09: 00-ден 2023 жылғы 26 шілде сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Қабылдау тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.
Айта кетейік, құжаттарды кезекте тұрған кез келген азамат тапсыра алады. Алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.