Жол желісін орташа жөндеу аясында Сауран көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесі жабылады. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осы учаскеде 13-18 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек», - делінген хабарламада.