деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, кеше елорданың газ аппаратуралары зауыты аумағындағы саяжайдағы үйден өрт шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан күйік шалған 36 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан кезде қаза тапты, ал 8 жастағы қыз жансақтау бөліміне жеткізілді.
Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.