«Сергек» жобасы екі кезеңге бөлінген: №1 және №2 кешендерін іске қосу. Қазіргі уақытта №1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, өткен жылы қаланың коммуналдық меншігіне берілді. №2 іске қосу кешенінің қондырғысы да толықтай аяқталды«, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.
Сонымен қатар, елордада жалпы бақылайтын 4 000 камера және сауда орталықтары, саябақ сияқты қоғамдық орындарда 3 000 камера бар.
»Сергек« орнатылғалы қаладағы жол-көлік оқиғасы 10% азайды. Жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 10% азайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмғандар саны 45% азайды», - дейді ол.