Биыл «Шабыт-2026» шығармашыл жастар байқауы аясында алғаш рет «Астанаға арнау» арнайы бағыты енгізілді. Бұл бағыт елордамызға, оның тарихына, бүгінгі келбеті мен болашағына арналған шығармаларды қолдауға бағытталған.
Астанаға арналған әннің авторы немесе елорданың рухын, көркін және жарқын болашағын жырлайтын жаңа туынды жазған кез келген талант иесі «Астана туралы әндер» номинациясы бойынша байқауға қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін ресми сайты арқылы онлайн өтінім беріп, өз шығармасын жолдауы қажет.
Бұл – шығармашылық талантыңызды кең аудиторияға танытып қана қоймай, Астанаға арналған жаңа музыкалық туындының дүниеге келуіне үлес қосатын ерекше мүмкіндік. Бәлкім, дәл сіздің шығармаңыз ертең елорданың жаңа әнұранына, жаңа музыкалық символына айналар.
Өтінім қабылдау басталды. Байқауға қатысу талаптары мен ережелерімен жоғарыда көрсетілген ресми сайттан танысып, өтінім онлайн жолдауға болады.
Айта кетелік елордада «Таза Қазақстан — Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталған еді.