Елордада шағын айналма жол салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы мәслихатының 41-ші кезектен тыс сессиясында қалалық бюджет, елорда аумағына құрылыс салу ережелері мен мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Астана қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Николай Мещеряков мемлекеттік қажеттілік үшін жерлерді алумен байланысты жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу барысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі кезде меншік иелерімен 39 келісім жасалды, барлық қажетті келісу процедуралары жүргізілді.

Алынатын жерлердің пайдаланылу мақсатына тоқталған Н.Мещеряков: «Бұл учаскелер (Бейсеков көшесінің учаскесі) шағын айналма жол, Байтұрсынов, Мирзоян және №42 көшелерінде жаңа мектептер салу үшін алынады»,- деді ол.

Баяндаманы тыңдаған соң депутаттар аталған жобаны жүзеге асыруды бірауыздан қолдады.