ДОХА. ҚазАқпарат - Биыл елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады. Сәйкесінше құжатқа бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен Катар Инвестициялық қорының бас директоры Халифа Жассим әл Кувари қол қойды.
«Мектеп құрылысына қажетті инвестицияның басым бөлігін Катар мемлекеті беріп отыр. Онда 20 мыңнан астам бала білім алатын болады. Мектеп аумағы 3,7 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жүргізілетін алаңды Астана билігі белгілеп қойған. Таяу аралықта, осы жылы біз бұл нысанның құрылысын бастайтын боламыз. Мектеп ғимаратының жобасы белгіленгеннен кейін жұмыстар қолға алынады. Жоба құны 12,5 миллион доллардан астам», - деді Халифа Жассим әл Кувари.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.