Елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтуде

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шара аясында аймақтың өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырған.

Айта кетейік, Астана сахнасында облыс орталығынан шалғай жатқан елдімекендер мен ауылдық мәдениет үйлерінің әртістері өнер көрсетті. Шараның тағы бір ерекшелігі - қазақтың күйі мен жырын Шығыс Қазақстан облысында тұратын өзге ұлт өкілдері орындады, деп хабарлады 24.kz.

«Ольга Желтухина мен Михаил Глазерюк күйтартыс жасады. «Ладушки» ансамблі қазақтың халық әндерінен папурри орындайды. Өзге ұлт өкілдері, өнерпаздар қатысқан концерттік бағдарламалар бар», - дейді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.