АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді.
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүргенде кептелісте қалмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін еске саламыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.