«2016 жылғы 1 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеулер қызметінің офицерлері синтетикалық есірткі заттардың контрабандасының ірі арнасын әшкереледі. Олар жедел-іздестіру шараларының аясында Астана тұрғыны С. деген азаматты ұстады. Одан метилендиоксиметамфетамин (экстази) психотроптық заты бар 981 таблеткасы алынды», - делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратына сәйкес, тәркіленген есірткі партиясының қара нарықтағы болжамды бағасы 15 млн. теңгені құрайды. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және ол бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
«С. деген азамат сот санкциясымен қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - делінген ақпаратта.