Елордада соңғы 3 жылда 12 бала терезеден құлап, көз жұмған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлап кетпеуінің алдын алу шаралары ұйымдастырылды. ҚР ТЖД қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлерге қауіпсіздік шарасын сақтау туралы ақпараттық кітапша таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездері көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауы орын алып отыр. Соңғы 3 жылдағы статистикаға қарайтын болсақ, бүгінгі таңға дейін 46 бала терезеден құласа, оның 12-сі көз жұмған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.

Оның айтуынша, биыл 19 наурыз бен 8 мамыр аралығында балалардың 4 бала терезеден құлап кеткен.

«Биыл балалардың терезеден құлау оқиғасы төрт рет болды. Оның ішінде біреуі қаза болды. Қалған үш бала аурухағана жатқызылды. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтары терезеде тежегіштердің болмауына назар аударуы керек. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Қазір көпқабатты үйлердің аулаларында ақпараттандыру жүргізіп, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын орындау туралы ұсыныстар берілді. Осы туралы видеороликтер дайындап, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық кітапша таратудамыз. Біз елордадағы барлық тұрғын үйлерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол балалардың терезеге шығып кетпеуі үшін қандай шараларды қолға алу керектігін айтты.

«Терезе алдына орындық, диван сияқты жиһаздарды қоймауға тырысу керек. Бала бұл заттар арқылы терезеге шығып кетеді. Бала терезедегі москит сеткасын ұстап, сонымен қоса жерге құлап кетеді. Москит сетка баланы құлап кетуден қорғамайды, сондықтан терезеге арматурадан жасалған тор орнатуға болады.


Соңғы жаңалықтар