«Кез келген жауапты ата-ана баласының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдайды. Балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін тек уайым мен сүйіспеншілік жеткіліксіз», - деді ол Еркін Отарғалымұлы қала әкімдігінде өткен брифинг барысында.
Осы ретте басқарма бастығы ата-аналарды сіріңке, шырпыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға, балаларға пешті өздігінен жағуға, газ бен электр құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеуге, отпен ойнайтын балаларды дереу тоқтатуға, өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндірге шақырды. Сонымен қатар кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауға, бала үйде болған кезде терезелерді ашық ұстамауға, шыбын-шіркейден қорғауға арналған торға сенбеуге кеңес берді.
Жалпы, қалалық ТЖД мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде елордада 7 бала өрттен қайтыс болды, 14 бала жарақат алды. Бұған қоса аталған аралықта балалардың терезеден құлауының 46 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10 бала қайтыс болып, 36-сы жарақаттанды.