Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорткүні мерекесі аталып өтеді. Айтулы мереке тұсында «Дене шынықтыру мен спорттыдамытуға қосқан үлесі» және «Құрметті спорт қайраткері» наградаларын 33 адамалды. Оның ішінде Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов, самбо спортынан бапкерҚаймен Есендияров, Балуан Шолақ атындағы спорт мектебінің директоры МаратҚойшин, дзюдо күресінен бапкер Мәулет Амантаев пен өзге де бірқатар азаматтарбар.
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев спорт мамандарын мерекеменқұттықтап, мемлекеттің қолдауының арқасында жастарға үлкен көңіл бөлініпжатқанын, спорттың дамып, спорттық нысандардың көптеп салынып жатқанын атапөтті.