Quest Азия чемпионаты Азия құрлығындағы ең басты спорттық шара. Турнирде жүзден жүйрік атанып, жеңіске жеткен қатысушы 13-14 қазанда Малайзия астанасында жалауын көтеретін World Tour Kuala Lumpur Masters 2018 халықаралық турнирінде бақ сынауға мүмкіндік алады.
Астанада өтетін бұл байрақты бәсекеге Азияның алты өңірінде іріктеуден өткен әлемнің 13 елінен 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Сынға түсетін 32 команданың бесеуі - Қазақстан өкілдері. Аталған турнир әлемнің 10-нан астам елінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Турнирдің жүлде қоры 32 000 АҚШ доллары.