Астана қалалық жол полициясы басқармасының таратқан ақпараты бойынша мына көшелердің кейбір бөліктерінде жол қозғалысы жабылмақ:
Кенесары көшесі бойымен Жұбанов көшесінен Қазақстан дүкені аумағында Пушкин (Можайский) көшесіне дейін;
Тархан көшесі бойымен Гастеллодан Жұбанов көшесіне дейін;
Конституция көшесі бойымен Карталыдан Р.Люксембург көшесіне дейін;
Гете көшесі бойымен Біржан салдан Республика даңғылына дейін;
Қарасай батыр көшесі бойымен Қарталыдан Р.Люксембург көшесіне дейін;
І.Есенберлин көшесі бойымен Р.Люксембургтен Республика даңғылына дейін;
Қарталы көшесі бойымен Талапкерден Жәлел көшесіне дейін;
Республика даңғылы бойымен Гетеден Бөгембай даңғылына дейін;
Космонавт көшесі бойымен Зеленаядан Тастыбаев көшесіне дейін.
Сонымен қатар Жастар сарайына қарсы Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің аралығындағы Республика даңғылының және Сарыарқа аудандық салық комитетіне қарсы Республика даңғылының екі жолағы да жабылады.