Елордада суға кеткен екі адам құтқарылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше елордадағы Газ аппаратурасы ауданында орналасқан құйылма бөгетте ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Кезекшілік кезінде оқиға куәгері бір адамның суға батыпбара жатқанын хабарлаған. Құтқарушылар тез арада көмекке ұмтылды.

«Құтқарушы Данай Жалғас өзенге шеңберді лақтырып, МәуленОмаров суға аққан адамның ізінен секірді. Бірақ күшті ағын иірімге тартыпәкете бергендіктен жағаға шығу мүмкін болмады. Осы кезде Азамат Жұмабаев пен СерікбайҚуанған өзенге қайықты түсіріп, соның арқасында суға батқан адам құтқарылды»делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай келеңсіз жағдайлар бұл ғана емес. 15 шілдеде ер адам өзіне қол жұмсау үшін «Тұлпар» көпірінен Есілге секірген болатын. Құтқарушылар оны да жедел түрде жағаға алып шықты.



Соңғы жаңалықтар