«Күн сайын құтқарушылар, полицейлер, еріктілер және жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлері тұрғындарға шомылуға рұқсат етілген орындар туралы хабардар етіп, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы шомылу кезеңінен қауіпсіз өтуді белсенді жүргізетін рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейдтік іс-шаралардың барысында Полиция департаментімен бірлесіп 14 әкімшілік хаттама жасалды. Елордалық құтқарушылардың күшімен шомылу маусымы басталғаннан бері шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде 3 адам аман-есен құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар», - деді басқарма бастығы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау салдарынан шомылу маусымы басталғаннан бері 1990 және 1996 жылы туған 2 адам қаза тапты.
«2022 жылы елорданың су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 5 бала бар. Адам өлімінің барлық фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындарында тіркелген», - деді Азамат Құсайынов.
ТЖД өкілінің дерегінше, Астана қаласының әкімдігі Орталық жағажайға, «Три пескаря» демалыс аймағына, «Столичный двор» және Ш.Бейсекова көпірі ауданындағы коммуналдық жағажайға шомылуға рұқсат берген. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесі «2GIS» картографиялық платформасында орналастырылған.
«Шомылу кезеңінде күнделікті 40 құтқарушы, 2 бірлік сүңгуірлік жарақтары бар сүңгуірлер, 6 бірлік жүзу құралдары және Жұмыспен қамту орталығынан 25 қоғамдық қызметкер рейд жұмыстарын жүргізуде», - деді ол.