Ерболат Төлепбай - Қазақстанның ең танымал заманауи суретшілерінің бірі. Оның шығармашылығы өз елімізде де, шетелдерде де кеңінен танымал. Көрмеге бояу жан толғанысы мен сезімді жеткізе алған, ал көп бояулы өрнектер тұңғиықтан сыр шертіп тұрған суретшінің өзіне тән көркем суреттік нақышпен орындалған 60-тан астам туындылары қойылады. Ерболат Төлепбайдың жаңа көркем туындыларының басты кейіпкерлері - әйелдер, олардың ана, қарындас, әйел, қыз ретіндегі барлық тағдырлары. Суретші өз суреттерінде қашанда жасаушы болып қала беретін әйелдің қасиетті бейнесін жырлайды.
«Бес күн» көрмесі суретшінің анасы Ұлдар апаның 100 жылдығына арналады. Ол кісі Оңтүстік Қазақстанда құрметті, сыйлы халық емшісі болған. Ерболат 85 жастағы анасынан бұл дүниеден өтердің аз алдында: «Анашым, сенің өмірің жылдам өтті ме?», - деп сұрайды. Ұлдар апа: «Балам, менің өмірім бес күндей болып өтті. Бірінші күнімді өзімді кішкентай қыз ретінде есіме аламын. Екінші күнімде тұрмысқа шықтым. Үшінші күнімде босандым. Содан кейін төртінші күні өзімді ақыл тоқтатқан әйел ретінде білемін. Мынау сенімен сөйлесіп отырған сәтім бесінші күнім», - деп жауап берген екен.
Ерболат Төлепбай - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей, Чехия, Қырғызстан Көркем сурет академияларының академигі. Суретшінің туындылары Мемлекеттік Третьяков галереясында, Ресей Федерациясының музейлерінде, ҚР Ұлттық музейінде, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Қазақстан Еспубликасының облыстық музейлерінде, сол сияқты Қазақстан, ТМД, Еуропа, АҚШ және Азиядағы жеке коллекцияларда сақтаулы.
Көрме 6-маусым күні сағат 18.00-де басталады.