Синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. 9 маусымда күн жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 18 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 21 23°С көтеріледі, түнде 4 6°С болады. 10 маусымда күн айтарлықтай жылынады, сынап бағанасы 26 28°С көрсетеді. Күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.