Елордада «Светлый» тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатынан құрылысшы құлап, мерт болды
12:29, 24 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Астанада Шұбар шағын ауданында бой көтеріп жатқан «Светлый» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 12-ші қабаттан 48 жастағы құрылысшы құлап, мерт болды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Оқиға желтоқсанның 23-і күні сағат 18.12-де болды.
Сондай-ақ осы күні Ақтау қаласы «Маңғыстау Құрылыс Инвест» ЖШС-ның құрылыс алаңында РДК-25 үлгісіндегі кранның құлауы салдарынан 1984 жылы туған азамат жараланып, сол орында көз жұмды.