Елордада таэквондодан халықаралық турнир өтеді
21:55, 23 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14-16 тамыз аралығында өтеді.
Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.
Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.
Еске сала кетейік, бұған дейін таэквондодан Қытайдағы турнирде Азиза Қаражанова құрама қоржынына қола медаль салғанын хабарлаған едік.