«Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс бір жағымен қамтамасыз етіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз» делінген хабарламада.