Елорданың Алматы ауданында Абылай хан даңғылы, 55-мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің қасбетін жаңа мурал безендірді.
— Муралды салу жұмысы толық аяқталды. Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген. Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған, — делінген хабарламада.
Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты.
Бұған дейін бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналғанын жазған едік.