Елордада тағы екі көшеде көлік жүруіне тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Еңлік-Кебек және Сұлукөл көшелері жабылатын болды.

Фото: Kazinform

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сұлукөл көшесінің Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты 30 және 31 тамызда жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Сондай-ақ Еңлік-Кебек көшесінің Болашақ көшесінен бастап Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскесінде де орташа жол жөндеу жұмысы басталады. 

Фото: Астана әкімдігі

Бұл учаске 29-30 тамыз күндері толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.  

Мұның алдында Астанада Мәңгілік ел мен Сарайшық қиылысындағы жолайрық жабылғанын хабарлаған едік.