Елордада тахикардияны интервенциялық емдеу бойынша шеберлік сыныбы өткізіледі

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 16 мамырда Астана қаласындағы Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығында кенеттен болатын жүрек өлімінің қайтадан алдын алу мақсатында өмірге қауіп төндіретін тахикардияны интервенциялық емдеу бойынша шеберлік сыныбы өткізіледі.

Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шеберлік сыныбы шеңберінде кенеттен болатын жүрек өлімінің алдын алу үшін қарыншалық тахикардиясы бар емделушіге кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау операциясы жасалатын болады.

Шеберлік сыныбын РФ ДСМ Хирургиялық және интервенциялық аритмология орталығының ғылыми қызметкері, РМҒА А.Н.Бакулев атындағы ғылыми орталықтың тахиаритмиялар бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары, м.ғ.к. Николоз Нугзарович Ломидзе (Мәскеу қаласы, РФ) өткізеді. Ол РФ имплантант құрылғысы бойынша жетекші мамандардың бірі болып табылады.